2026 жылғы 18-20 мамыр күндері Тараз қаласында республикалық «Шерхан Мұртаза оқулары» ғылыми-шығармашылық байқауы өтті.
Аталған білім бәйгесінде Солтүстік Қазақстан облысының дарынды оқушылары өңір намысын лайықты қорғады.
🏆 Байқау қорытындысы бойынша:
🥉 Жусупова Айгерим – Петропавл қаласындағы Сафуан Шәймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияның 9-сынып оқушысы, III орын иегері атанды.
Сонымен қатар:
🌟 Қайыр Назерке – Ә.Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернатының 9-сынып оқушысы – грамотамен марапатталды;
🌟 Қатранқызы Диана – Ә. Досмұхамбетов ат. облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернатының 11-сынып оқушысы – грамотамен марапатталды.
Шерхан Мұртазаның шығармашылық мұрасын терең насихаттап, сөз өнері мен білім додасында өз қабілеттерін танытқан оқушыларымызды, ұстаздары мен ата-аналарын шын жүректен құттықтаймыз!
Жас дарындарға шабыт, шығармашылық табыс және жаңа жеңістер тілейміз!

sko-uo

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы

edu

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

Дарын

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы