Республикалық «Абай оқулары» – қазақтың ұлы ақыны, кемеңгер ойшылы Абай Құнанбайұлының мұрасын насихаттайтын тағылымды байқау.
Бұл сайыста оқушылар ақын шығармаларын жатқа айтып, оның философиялық терең ойын, сөз өнеріндегі шеберлігін, жүрекпен сезініп жеткізеді.
«Қызылжар дарыны» орталығының әдіскерлері тарапынан республикалық «Абай оқулары» байқауына қатысушы оқушыны дайындау және қолдау жұмыстары жүргізілді. Онлайн кездесу барысында Ұлы ақынның өлеңдері мен қара сөздері бойынша құнды кеңестер мен ұсыныстар берілді
Жас дарынға алдағы кезеңде сенім мен табыс тілейміз! Оның күш-жігері лайықты жеңіске жеткізе берсін!
