💡 Бүгін «XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойынының облыстық кезеңінде өңіріміздің ең мықты 24 жоғары сынып оқушысы бақ сынасты. Қатысушылар компьютерлік тестілеу форматында өз білімдерін көрсетіп, жоғары дайындық деңгейлерін, сенімділік пен жеңіске деген жігерлерін дәлелдеді.
Ал ТОП-5 үздікке кімдер енді?
🏆 Көшбасшыларымызды таныстырамыз:
✨ Мужуканов Дамир — Петропавл қ., Ж. Тәшенов ат. №20 ОМ
✨ Қорғанбек Адия — «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі
✨ Амангелді Кәмила — Петропавл қ., Қожаберген жырау ат. №6 ОМ
✨ Марат Аяулым — Шал ақын ауданы, М. Ахметбеков ат. ОМ
✨ Қамит Нұрай — Жамбыл ауданы, Благовещенка ЖОББМ
🚀 Дәл осы бес талантты қатысушы Солтүстік Қазақстан облысының намысын республикалық кезеңде, Алматы қаласында қорғайтын болады!
📺 «XXI ғасыр көшбасшысы» ойынының көрсетілімін көктемде «Хабар» телеарнасынан тамашалаңыз — ең қызықты сәттер алда!
👏 Әрбір қатысушымен мақтанамыз!
Сіздерге жаңа белестер, жарқын жеңістер мен үлкен жетістіктер тілейміз!



