«Ұстазым, ардақты ұстазым!» республикалық акциясы аясында «Ұстаз жолы» айдарын жалғастырамыз.
Біздің бүгінгі кейіпкеріміз – Петропавл қаласындағы Сафуан Шәймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияның ұстазы Квайдулов Баймбет Асылханұлы.
Баймбет Асылханұлы – «Қызылжар дарыны» орталығы ұйымдастыратын ғылыми жобалар мен шығармашылық байқаулардың белсенді қатысушысы әрі сарапшысы. Ұстаз шәкірттерін байқауларға жүйелі түрде дайындап, республикалық деңгейде жеңімпаздар мен жүлдегерлерді тәрбиелеп келеді.
Бүгін ұстаздық жолы мен шәкірттері туралы кейіпкеріміздің өз аузынан тыңдайық.

