2024 жылғы 19 ақпанда Петропавл қаласы Оқушылар сарайында алғаш рет робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялардың «ROBOLAND-2024» IX халықаралық фестивалі шеңберінде аймақтық жарыстар өтті.
Конкурстың мақсаты: роботтарды жобалау және бағдарламалау, инженерлік ғылымдар, бағдарламалау және басқа да инновациялық білім беру технологиялары саласындағы дарынды оқушыларды анықтау және қолдау.
Жарысқа облыстың білім беру ұйымдарының 68 оқушысы, 41 команда қатысты. Командалар 11 санатта қатысқан жарыстар ең қызықты және әсерлі номинациялардан болды.