Қазақ халқының бірлігін жырға қосқан ұлы жырау, ерлік пен елдікті ту еткен батыр Қожаберген Толыбайұлына арналған дәстүрлі облыстық «Қожаберген оқулары» байқауы өтеді!
🎯 Байқаудың мақсаты:
Жас ұрпаққа Қожаберген жыраудың өмірі мен шығармашылығын кеңінен таныстырып, отансүйгіштікке, тарихи тұлғаларды құрметтеуге тәрбиелеу.
🏆 Жеңімпаздар дипломдармен марапатталады.
📌 Облыстық кезеңге қатысу үшін аудандық, қалалық кезеңнен іріктелген білім бөлімі арқылы өтінім берулері қажет.
Қожаберген жыраудың батырлық рухы — өскелең ұрпақтың бойына ел мен жерге деген сүйіспеншілікті ұялатады.
