12-15 мамыр күндері 7-8 сынып оқушылары арасында география пәнінен өткен «GeoStar» Ұлттық олимпиадасында СҚО оқушылары жүлделі орындарға ие болды 🌍
🥈 Батенко Тимур, «ЛОРД» облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының оқушысы – II орын иегері атанды;
📜 Қоныспай Әлішер,Петропавл қаласы Сафуан Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназиясының оқушысы – жақсы дайындық деңгейі үшін грамотамен марапатталды.
Оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз.
Бұл – білімге деген құштарлықтың, табандылық пен еңбектің нәтижесі. Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, үлкен жетістіктерге жете берулеріне тілектеспіз.




