Солтүстік Қазақстан облысының 20 жас математигі 3-4 және 5-6 сынып оқушыларына арналған «Алтын сақа» республикалық олимпиадасына қатысты.

Бұл- еліміздің зияткерлік додаларында топ жарып жүрген болашақ мықты олимпиадашылардың алғашқы үлкен қадамдары. Жас болса да, олар бүгіннің өзінде логикалық ойлауымен, табандылығымен және білімге деген құштарлығымен ерекшеленіп келеді.

Кейбір қатысушылар үшін бұл алғашқы республикалық деңгейдегі тәжірибе болса, енді бірі өз мүмкіндігін тағы бір мәрте дәлелдеуге мүмкіндік алды. Әрбір оқушы үшін бұл- жаңа тәжірибе, жаңа орта және алдағы жеңістерге берілетін үлкен мотивация.

«Алтын сақа» олимпиадасы жыл сайын еліміздің ең алғыр, ізденімпаз оқушыларын жинап, талантты балалардың танылуына жол ашады.

Жас дарындарымызға сәттілік, жоғары нәтиже және жаңа белестер тілейміз!

sko-uo

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы

edu

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

Дарын

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы