⚜️2026 жылғы 18-20 мамыр аралығында Ақтау қаласында өткен республикалық Әбіш оқулары конкурсында СҚО талантты, дарынды оқушылары өңір намысын абыроймен қорғады.
Сонымен қатар, «Иллюстрациялық суреттер салу» номинациясы бойынша Тайынша ауданының Тайынша қаласының №5 жалпы білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы Турлубаева Нұрайым III жүлделі орынға ие болды. Жетекшісі: Хохсигэн Кулижа.
Байқау қорытындысы бойынша Ә. Кекілбаев шығармаларын мәнерлеп оқу номинациясында Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы Шарбекова Аяулым грамотамен марапатталды. Жетекшісі: Мукашев М.Е.
Сондай-ақ, «Сахналық қойылым» номинациясы бойынша қатысқан барлық оқушылар грамоталармен марапатталды. Жетекшісі: Бакаева М.М. 🎭
Жас дарындарымызды жетістіктерімен құттықтай отырып, алдағы білім мен өнер жолындағы қадамдарына толағай табыс тілейміз! 🎉




