2026–2027 оқу жылындағы оқу-әдістемелік жұмыстың негізгі бағыттарын айқындау мақсатында мектептің әдістемелік бірлестік жетекшілерімен жұмыс отырысы өткізілді.
Жиын барысында білім беру үдерісінің өзекті мәселелері талқыланып, педагогтердің кәсіби дамуы мен оқушылардың оқу жетістіктерін арттыруға бағытталған маңызды міндеттер белгіленді.
🔹 «Жасанды интеллект құралдарын саналы және қауіпсіз пайдалану» тақырыбында директордың шет тілі жөніндегі орынбасары Е.Б. Адилбаев баяндама жасап, білім беру үдерісінде жасанды интеллектіні тиімді, жауапты және қауіпсіз қолданудың негізгі қағидаларына тоқталды.
🔹 «Дарынды оқушының жетістік траекториясы: анықтау, дамыту және нәтижеге бағыттау» тақырыбында «Қызылжар дарыны» орталығының директоры Ғабдуллина Бақыт Мырзағалиқызы, зияткерлік іс-шаралар бөлімінің басшысы Ильясова Ильвира Ришатовна және әдіскер Иманбекова Жулдызай Бакытовна дарынды оқушыларды анықтау, қолдау және олардың нәтижелі даму траекториясын қалыптастыру мәселелері бойынша тәжірибелерімен бөлісті.
🔹 Директордың бейіндік оқыту, ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары А.Ж. Ескалиева 2026–2027 оқу жылы

↑