📚Еліміздің өңірлерінде жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша XIX Президенттік олимпиаданың бірінші кезеңі өтуде.
👥Олимпиадаға республикалық және халықаралық пәндік олимпиадаларға бұрын қатыспаған 11 (12)-сынып оқушылары қатысады. Биыл бірінші кезеңде лицейлер, гимназиялар және дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің 3 626 оқушысы бақ сынауда.
🏆Президенттік олимпиада үш кезеңнен тұрады:
▫️ бірінші кезең – өңірлік;
▫️ екінші кезең – іріктеу;
▫️ үшінші кезең – республикалық.
🧠Қатысушылар олимпиаданың барлық кезеңінде математика, физика, химия және биология пәндері бойынша тапсырмалар орындайды.
📌Өңірлік кезеңнің қорытындысы бойынша іріктеу кезеңіне облыстардан, Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан, сондай-ақ «НЗМ» ДББҰ-дан 20 оқушыға дейін, республикалық білім беру ұйымдарынан 8 оқушыға дейін қатысуға мүмкіндік алады.

