1 қыркүйек – тек жаңа оқу жылының басталуы ғана емес, сонымен қатар оқушыларымыздың жетістіктерін атап өтуге тамаша мүмкіндік! 🎉Бүгін, «Қызылжар дарыны» орталығының директоры Б.Габдуллина «Үздік ауыл мектебінің оқушысы-2024» атағын алған Мақсат Өмірболатовқа қолдау көрсетуге барды.🏆✨
Максат – бұл жоғары марапатқа ие болған Қазақстанның түкпір-түкпірінен шыққан 14 дарынды оқушының бірі. 🇰🇿 Өткен оқу жылында ол Оқу-ағарту министрі Ғ. Бейсембаевтың бастамасымен ұйымдастырылған республикалық олимпиадада Қазақстан тарихы пәнінен 1-орынды жеңіп алды. 📖🔥 Бұл жетістіктің артында үлкен еңбек, табандылық және оның тәлімгері, тарих пәнінің мұғалімі Е.Ж. Букеновтың қолдауы жатыр. 👨‍🏫👏
Жаңа оқу жылының басталуына арналған «Мектебім-мейірім мекені» салтанатты жиынында 11 сынып оқушысы Максат диплом мен құнды сыйлық – велосипед 🚴‍♂️ алды, оны «Қызылжар дарыны» орталығы мен СҚО білім басқармасы сыйға тартты. Бұл марапат – оның жетістіктерінің ғана емес, барлық оқушыларға жаңа жеңістерге жетуге мотивациясының дәлелі! 🥇💪
Максатты құттықтаймыз! 🎊 Бұл жетістік жаңа шыңдарға жетудің серпіні болсын! 🚀
Балалар, білім мен жаңа жетістіктерге қарай алға! 🌠

Instagram

 

sko-uo

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы

edu

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

Дарын

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы