Байқаудың мақсаты: STEM дағдыларын, цифрлық технологиялардың ғылыми білімдерін тарату және дәріптеу, оқушылардың ғылыми және техникалық қызметке қызығушылығы мен шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Байқауға 5 команда қатысып, 20 жас зерттеуші жарысты — «Әбу Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған гимназия-интернаты» КММ, «ЛОРД дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп – лицей – интернаты» КММ, «Оқушылар сарайы» МКҚК және «Химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік Мектебі» ДББҰ.
Байқауда жас зерттеушілер робот ойындарымен ғана сайысқа түспеді, сонымен қатар «Өнердегі ғылыми инновациялар» тақырыбында өздерінің инновациялық жобаларын ұсынды.
«Arta Robotics» командасы 1 орынға ие болып, 2024 жылдың ақпан айында Астана қаласында өтетін республикалық кезеңге жолдама иегері атанды.