2024 жылдың 4 наурызында 5-6-сынып оқушылары арасында Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті.
Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың зияткерлік қызметке және ғылыми білімге қызығушылығын дамыту, оқушылардың қабілеттерін, бейімділігін іске асыру. Республикалық пәндік олимпиадаларға қатысу үшін жоғары ынталы білім алушыларды анықтау.
Олимпиадаға ауыл және қала мектептерінің 5-6 сынып оқушылары қатысты. Қатысқан оқушылар саны — 252.
Олимпиада жұмыстарын ғылыми атағы бар ЖОО оқытушылары тексеріп, жеңімпаздарды анықтады. 5 — 6 -сыныптар бойынша:
Ⅰ орын – 16 оқушы
Ⅱ орын – 28 оқушы
Ⅲ орын – 48 оқушы
Оқушылардың жұмысы тексеріліп, қорытынды хаттамалар «Қызылжар дарыны» интернет- ресурсында орналастырылды.