5-8 сынып оқушыларына арналған «ProEсo» экологиялық жобалар Республиқалық байқауы.
2024 жылы 28 – 30 сәуір аралығында Солтүстік Қазақстан облысының командасы Астана қаласындағы, 5-8 сынып оқушыларына арналған «ProEсo» экологиялық жобалар Республиқалық байқауына қатысты.
Конкурстың мақсаты: экологиялык проблемаларға қызығушылық танытатын, зерттеу кабілеті жоғары дарынды окушыларды анықтау жене қолдау.
Байқауға облыс білім беру ұйымдарының 5-8 сыныптарының 5 оқушысы жеке және командалық құрамда 4 секция бойынша қатысты: «Туған өлке табиғаты», Мені қоршаған әлем – ғажайып әлем», Үздік экологиялық бастама» және «Таза қала сізден басталады».
Байқау қорытындысы бойынша тамаша нәтиже көрсетілді: II дәрежелі диплом — Матушко Никита ( «Гусаковка ОМ» КММ- сі, Айыртау ауданы) III дәрежелі диплом — Нұрмахан Аякөз, Қуаныш Әсел ( «С.Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназия» КММ- сі, Петропавл қаласы); грамота — Назарова Айтан («Пески ОМ» КММ-сі, Ғ.Мұсрепов ауданы). Барлық оқушыларға сертификаттар берілді.
Қатысушыларға табыс, қызықты жобалар, сөзсіз жеңістер мен өзіне деген сенімділік тілейміз!

sko-uo

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы

edu

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

Дарын

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы