⚜️ Қалалық және аудандық кезеңдерде үздік нәтиже көрсеткен 37 дарынды шәкірт облыстық байқауда өз білімдері мен шығармашылық қабілеттерін ортаға салды.
Жас өрендер көрнекті ақын Кәкімбек Салықовтың әдеби мұрасын ұлықтап, қазақ поэзиясының көркемдік құндылығы мен рухани маңызын танытты. Әрбір қатысушының өнерінен сөз өнеріне деген құрмет, туған әдебиетке деген сүйіспеншілік пен ұлттық рухқа адалдық айқын көрініс тапты. Өнерлері өркендеп, жас таланттардың алар асуы биік, бағындырар белестері көп болсын!

