Дарынның шегі жоқ! Бірі ән айтады, бірі өлең жазады, енді бірі театрда немесе сурет өнерінде өзін танытады. Өйткені әр баланың өз қабілеті, өз қызығушылығы бар.
20 қазанда «Қызылжар дарыны» орталығы Солтүстік Қазақстан облысының Білім басқармасымен бірлесіп, Республика күніне арналған «Бір елдің мың үні» атты облыстық шығармашылық кездесу өткізді.
Бұл жолы балалар мен ұстаздар бір сахнада бас қосты. Ұстаздар тек қолдау көрсетіп қана қоймай, шәкірттерімен бірге өнер көрсетті.
Мұнда жарыс та, орын үшін талас та болған жоқ. Ең бастысы – өзіңді көрсету, идеяңмен бөлісу және өзгелердің өнерінен шабыт алу.
Қатысушылар ән, өлең, театр және басқа да өнер түрлері арқылы Қазақстанға деген сүйіспеншілігін жеткізді.
Әр таланттың өз үні бар. Ал туған елге деген сүйіспеншілік бәрімізді біріктіреді!

