«Қызылжар дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы» КММ 2024 жылы 21 мамырда жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында республикалық «Мағжан оқулары» байқауының облыстық кезеңін өткізді.

Мағжан оқуларының негізгі мақсаты — қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, мектеп оқушыларының классикалық әдебиеттерді оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.

Мағжан оқуларының негізгі міндеттері — ақын шығармаларындағы эстетикалық талғам мен тұлғалық қасиетті насихаттау, ұлттың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, жаңа буынның интеллектуалды пайым – парасатын арттыру.

Мағжан оқулары 3 номинация бойынша өткізілді:

1) «Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім» – Мағжан өлеңдерін жатқа оқу конкурсы. Қазылар алқасы бұл номинацияда оқушы жатқа білетін Мағжан шығармаларын мәнерлеп оқуына және санына байланысты бағалады.

2) «Жасынан оқу оқып, өнер қуған …» — ғылыми жоба жұмысы (Мағжан Жұмабаевтың шығармалары бойынша зерттеу жұмыстары) бағаланды.

3) «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» — жас дарындар конкурсы. Бұл номинацияда қатысушының ақындық қабілеті сынға түсті.

Бұл байқауға 36 оқушы қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша қатысушылар «Қызылжар дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы» КММ дипломдарымен және сертификаттармен марапатталды.

sko-uo

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы

edu

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

Дарын

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы