✨ Алғырлар алаңы – «Алтын сақа» олимпиадасының республикалық кезеңі ертең өтеді!

19 мамыр күні 3–4 және 5–6 сынып оқушыларына арналған республикалық «Алтын сақа» математикалық олимпиадасының қорытынды кезеңі ұйымдастырылады. Зияткерлік додада аудандық, қалалық және облыстық кезеңдерде үздік нәтиже көрсеткен оқушылар бақ сынайды.

«Алтын сақа» – тек білім жарысы емес. Бұл — логикалық ойлау қабілетін шыңдап, математикалық әлеуетті танытуға мүмкіндік беретін маңызды алаң.

📍 Қатысушылар үшін маңызды ақпарат:

  • Өтетін орны: Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясы
  • Мекенжайы: Нұрсұлтан Назарбаев көшесі, 327 Г
  • Тіркеу уақыты: 09:00–09:30
  • Олимпиаданың басталуы: 10:00

Барлық қатысушыларға сәттілік, сенімділік пен биік нәтиже тілейміз! Білімге деген құштарлық пен табандылық сіздерді жаңа жеңістерге бастасын!

sko-uo

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы

edu

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

Дарын

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы