1-2 ақпанда бір мезгілде 5-6 сынып оқушыларының жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадасының аудандық кезеңі өтті. Қатысушылар 8 пән бойынша тестілеуден өтті:
• математика;
• жаратылыстану;
• ағылшын тілі;
• орыс тілі мен әдебиеті;
• орыс тілі;
• қазақ тілі мен әдебиеті;
• қазақ тілі;
• Қазақстан тарихы.
Ашық түрде өту және академиялық адалдықты сақтау мақсатында олимпиаданы өткізу үдерісі үшін аудитория бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етіліп, YouTube арнасында көрсетілді.
Олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысушылар аудандық кезеңде ең көп ұпай жинаған жеңімпаздар болады: ресми өтінімге сәйкес әр пәннен және сыныптан екі қатысушы.